Елордада алғаш рет қалалық туризм мәселелері бойынша саммит өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9-11 қазан аралығында Тәуелсіздік сарайында VIII «Ақылды қалалар-ақылды дестинациялар» атты жаһандық қалалық туризм мәселелері бойынша саммиті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен БҰҰ- UNWTO Дүниежүзілік туристік ұйымы ұйымдастырып жатқан шарада қаланы басқару, жаңа инновациялар мен технологиялар, сондай-ақ туризм саласын тұрақты әрі инклюзивті қалаларды дамытуға септігін тигізе алатын құрал ретінде қала өміріне кеңінен енгізу жолдары қарастырылады.

Саммит барысында ұйымдастырылатын панельдік сессиялар, «дөңгелек үстел» кезінде туристік ағынның біркелкі таралмауы, білікті мамандардың тапшылығы, миграция, жұмыссыздық пен қауіпсіздік сынды өзекті мәселелер талқыланады.

Шараға әлемнің 30 елінен 700 делегат келеді деп жоспарланып отыр.



Соңғы жаңалықтар