+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Елордада алғаш рет ерекше жандар театры ашылды

2021 жылғы 13 қазан 18:38
Бөлісіңіз:
Елордада алғаш рет ерекше жандар театры ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде алғаш рет ресми тіркелген инклюзивті яғни ерекше жандар театры ашылды. Елордада ашылған «Қанаттылар» атты театрда бүгінде қызу дайындық жұмысы жүріп жатыр. Осы орайда мәдени ошақ жетекшісі Арнұр Ысқақов жаңа театрдың құрылу тарихы мен алдағы жоспары туралы ҚазАқпарат тілшісіне әңгімелеп берді.

Ұқсас жаңалықтар
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды Қарағандыда «Әуенді Сарыарқа» XXII халықаралық фестивалі өтеді «Жыр мұра» жобасы ұрпақты ұлттық өнерге баулиды

«Қанаттылар» инклюзивті театры биыл қаңтар айында ресми түрде тіркелді. Ал бұл театрды ашу тұжырымдасы мен негізі 2018 жылы қолға алынды. Сол жылы елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында инклюзивті театрлардың халықаралық фестивалі өтті. Аталған фестивальге көрші Ресей мен Украинадан бірнеше театр келді. Олардың негізі әріде қаланған және құрамы да үлкен. Содан кейін бізде де неге инклюзивті театр ашпасқа деген ой келді. Әрине кейбір өңірлерде қоғамдық бірлестіктер жанынан кішігірім ұжым болып құрылып немесе үйірме ретінде жұмыс істеп жатқан инклюзивті шығармашылық топтар бар. Бірақ мемлекеттік деңгейде ерекше жандар театры жоқ. Сондықтанда біздің театрды Қазақстанда алғаш құрылған инклюзивті театр деп айта аламын, - деді театр жетекшісі Арнұр Ысқақов.

«Қанаттылар» инклюзивті театры елордадағы «Жастар» театрының жанынан ашылып отыр. Және бүгінде театрда қызу дайындық жұмысы жүріп жатыр.

«Қаңтардан бүгінге дейін әртістерді қабылдау, қойылымға дайындық жұмысы жүріп келеді. Күтімді талап ететін жандармен жұмыс істеудің өзіндік ерекшелігі бар. Тағы бір айтып өтетін жайт, олар кәсіби әртістер емес. Олардың сахнада өнер көрсетуге үйрету, сөйлеу мәнері, көпшілік алдында өзін ұстай білу бағытында кең көлемді жұмыс атқарылып жатыр. Білім-біліктілікті арттыру мақсатында елорда және Алматыдағы өнер оқу орындарымен келісімге келіп, біздің әртістерді кәсиби түрде даярлау жоспарымыз бар. Кәсіби білім өте маңызды», - дейді ол.

Ерекше театрдың 20 шақты әртісі бар. Оның қатарында 8 есту қабілеті нашар жан, 5 арбадағы жан, 3 көру қабілеті төмен және 2 ДЦП-мен (балалардың целебралды сал ауруы) диагнозы бар ерекше әртіс. Сондай-ақ, сурдо аудармашы маманы бар.

«Әртістерді таңдауда кастинг ұйымдастырып, айрықша іріктеуден өткіздік дей алмаймын. Бастысы балалар мен ересектердің қабілеті мен ынтасының болуы. Және бұрын-соңды сахнаға шығып өнер көрсетіп жүрген жандарды таңдап алдық. Қойылымға келсек, біздің алдымызда екі таңдау тұрды, бірі дайын спектакльді ымдау тіліне аударып сахналап шығу, екінші өз қойылымымызды әзірлеу. Өнер ошағымыздың ресми шымылдығын ашатын спектакльді театрымыздың атауымен «Қанаттылар» деп атадық. Театрдың ашылуына санаулы күн қалды, дайындық қызу жүріп жатыр. Алдағы уақыттағы қойылымдарымызда өмірмен байланысты, өмірден алынған жайттармен байланысты болмақ. Біздің мақсат – қарапайым адам болсын, ерекше адамды болсын ынталандыру, жігерлендіру», - деді А. Ысқақов.

Сондай-ақ, театр жетекшісі айрықша жандармен жұмыс істеудің ерекшелігіне тоқталып өтті.

«Әрине бастапқы кезде оңайға соққан жоқ. Әр жанның өзіндік ерекшелігі бар, әсіресе ол дайындық кезінде байқалды. Мысалы, дайындық кезінде бір әртістің құлағы нашар естісе, екіншінің көзі көрмейді. Осы тұста әрқайсысымен жеке түрде жұмыс істеу керек. Кейде әртістеріміздің ауырып қалатын жағдайда да болды. Тағы бір мәселе көлік болды. Әртістерді күнделікті театрға алып келіп, алып кету қиындық тудырды. Егер дайындыққа бір адам келмей қалса ол тұрып қалады. Себебі спектакль қою командалық жұмыс. Қуанышқа орай қалалық әкімдік көлік мәселесін шешіп берді», - деді театр басшысы.

Өнер жанашыры еліміздің барлық өңірінде ерекше жандар театрының ашылғанын армандайды.

«Қойылым арнайы тапсырыспен жазылған. Оның авторы танымал ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Гүлнәр Салықбай. Спектакль мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірлік оқиғаларының жинағы негізінде жазылып шықты. Әртістеріміз кәсіби емес сондықтан көп тер төгуге тура келуде. Кейбіреуі музыканы естімейді, кейбіреуі рөлді сомдауда күлуі тиіс жерде күлмей қояды. Әрине мен жалғыз емеспін, тиісті мамандардың көмегімен ісіміз ілгері басып келеді. Әртістермен қатар олардың сахналық киімі де әзірленіп жатыр. Жалпы қойылымның жанры лирика, Малика есімді бойжеткеннің махаббат хикаясы десем болады. Спектакль лирикалық жанрда болғанымен мазмұны адам тағдыры мен өмір туралы. , - деді театр режиссері Нұрфат Вахитов.

Театр режиссері алдағы уақытта ел ішінде және шетелге гастрольдік сапарға шығу жоспарының да барын айтып қалды.

«Мен елордадағы академиялық филормонияның солистімін. Ол жерде 3 жыл бойы жұмыс істеп келемін. Театрдың қойылымында мен ән орындаймын. Нақтырақ айтқанда, өмір, махаббат туралы ретро әндер. Менің мақсатым ән арқылы спектакльдің басты рөліндегі бойжеткеннің ішкі дүниесін көрсету. Бұл театрдың ашылатыны туралы жылдың басында есттім, әрине өтеқ қуандым. Ерекше жандарға арналған бөлек мәдени ошақ болса екен деп армандайтынмын. Бұған дейін театрларға көрермен ретінде ғана келетінбіз, енді өзіміз де театрда өнер көрсету мүмкіндігі туып отыр. Болашақта театр қойылымдарынан рөл беріліп жатса, қуана қабыл аламын», - деді театр әртісі Алтыншаш Мұқатаева.

Айта кетейік, елордадағы «Қанаттылар» инклюзивті театры ресми түрде 15 қазан күні ашылып, көрермендер назарына «Қанаттылар» атты қойылымды ұсынады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT