+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Елордада алғаш рет автокөлікті электрмен жылыту жобасы іске қосылды

2019 жылғы 16 қараша 12:08
Бөлісіңіз:
Елордада алғаш рет автокөлікті электрмен жылыту жобасы іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында қыста автокөлік жылытатын инновациялық құрылғы орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мас жүргізуші 10 жылға көлік басқару құқынан айырылуы мүмкін Шетелде есепте тұрған автокөлік иелері полицейлермен кездесті – Қостанай СҚО-да облыстық маңыздағы барлық жолдар жабық

Бүгін Азия даму банкі мен Нұр Сұлтан қаласының әкімдігі төмен көміртекті қалаларды дамыту бастамасы аясында автомобиль қозғалтқышын электрмен жылыту пилоттық жобасын іске қосты.



«Бұл жобаның мақсаты – қала экологиясының жақсаруына үлес қосу. Бұл фин технологиясы Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Бізде суық күндері автокөлікті қыздырғанда ауаға қаншама қалдық шығарылады. Осы орайда бұл құрылғы өте ыңғайлы әрі көліктің қозғалтқыш құралдары үнемі жылы болып тұрады. Яғни автокөлікті қыздырып уақыт жоғалтпайсыз. Бұл бірлескен жобаның тек бастамасы ғана деп ойлаймын. Біз аталған құрылғыны орнату үшін елорданың бірнеше ауданын таңдап алдық. Яғни қаланың әр ауданында бір құрылғыдан орнатылатын болады. Сол сияқты инновациялық құрылғыны болашақта электр жүйесімен жүретін автокөліктер үшін де қолдануға болады», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.


Оның айтуынша, қыстың суық күндері тұрғындар қозғалтқышты және салонды жылыту үшін автомобиль қозғалтқыштарын ұзақ уақыт қыздырады. Бұл шамадан тыс жанармай мен қаржылық шығындарға, қозғалтқыштың тозуына және парниктік газдар мен зиянды заттардың атмосфераға шығарылуына әкеледі.


Мамандардың айтуынша, аталған құрылғы электр қуатымен жұмыс істейді және жабдықты автомобильге сертификатталған маман орнатуы немесе зауыттан шыққанда орнатылуы тиіс.



«Біз серіктестерімізбен бірге аталған инновациялық технологияны Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет қолданысқа енгізіп жатырмыз. Жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан қала әкімдігі мен Қазақстандағы Финляндия елінің елшілігіне алғысымызды айтамыз. Алдағы уақытта жобаның аясы кеңейіп, басқа қалаларда да іске қосылады деген үміттеміз», - деді Азия даму банкінің президенті Такехико Накао.


Айта кетсек, өткен жылдан бастап елорда әкімдігі Орталық Азия елдері қалаларында төмен көміртекті дамытуды ілгерілетуге қатысатынын растады.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT