Елордада әлеуметтік ІТ-жобалар байқауының қорытындысы шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Astana Hub пен ЮНИСЕФ балалар мүддесін қорғауға бағытталған әлеуметтік IT-жобалар конкурсының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі және ЮНИСЕФ халықаралық ұйымы әлеуметтік IT-жобалардың акселерация конкурсының нәтижесін шығарды. Қатысушылар 37 жоба ұсынған. Іріктеу қорытындысы бойынша келесі міндеттерді шешу үшін төрт жоба жарияланды:

- «Балалардың білім сапасын арттыру» ҚР Білім министрлігімен бірлесіп - «Qlang» жобасы. Qlang - бұл интерактивті тақтада жаттығуларды орындап, мұғаліммен бейнесұхбат арқылы байланыса отырып, оқытушымен онлайн режимде оқуға мүмкіндік беретін дайын білім беру платформасы;

- «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» ҚР Білім министрлігімен бірлесіп- «жақындарым» жобасы. Ол ата-аналарға өз балаларын түсінуге көмектеседі, Қазіргі психология тұрғысынан «ойлаудың сәтті барысын» көрсетеді;

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп «Балалар арасында жарақат алу жағдайларын төмендету» жобасы – «Қолжетімді Қазақстан» жобасы. Қолжетімді Қазақстан - бұл онлайн-карта, оған қалалық нысандар мен қызметтердің ашықтығы туралы ақпарат беріледі. Картадағы ашық және тегін деректер балаларға, сондай-ақ арбалары бар ата-аналарға қалалық кеңістікті дұрыс бағдарлауға мүмкіндік береді.

- «Отбасы мен балаларға қолдау көрсету «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп «Smart Grades» жобасы. Smart Grades - мектептерде жақсы бағалары үшін баланы көтермелеу үшін қосымша. Демеушілердің белгілі бір сыйақылары оқушыларды ынтамен оқуға және мектептегі үлгерімді арттыруға ынталандыратын болады.

Іріктелген жобалар инкубация мен одан әрі акселерациялау, сондай-ақ Astana Hub барлық қолжетімді ресурстарымен, оның ішінде ЮНИСЕФ сарапшылары мен жауапты министрліктердің тарапынан қолдау күтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Social Innovation» әлеуметтік инновациялар зертханасы бойынша бірлескен жобасы - IT-стартаптардың халықаралық технопаркі мен ЮНИСЕФ өткен жылдың қазан айында іске қосылған болатын.

2019 жылы Astana Hub және БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қоры іске қосқан Social Innovation Lab мақсаты Қазақстан Республикасында балалардың мүдделеріне бағдарланған әлеуметтік инновация бағыттары бойынша жобаларды қолдау және дамыту үшін жағдай жасау болып отыр.

Соңғы жаңалықтар