Елордада алаяқ ресейлік есептегі көліктерді жалға алып, сатып жіберген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары барысында 22 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқ «OLX» жарнама сайты арқылы ресейлік есептегі көліктерді бір тәулікке жалға алып, оларды басқа азаматтарға сатқаны анықталды.

Ер адам осындай жолмен 7 адамды алдап, 12 млн астам теңгені иемденіп алған. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталған азаматтың осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы анықталу үстінде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болып, бейтаныс адамдарға сенбеу керек екенін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар