+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Елордада алаяқ әйел 19 адамды алдап, 3,5 миллион теңгесін алып кеткен

2021 жылғы 27 қыркүйек 14:58
Бөлісіңіз:
Елордада алаяқ әйел 19 адамды алдап, 3,5 миллион теңгесін алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері ақшаңды көбейтіп берем деген желеумен 19 адамды алдап соққан 22 жастағы алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ мүшесі ұсталды Таразда алаяқ әйел жергілікті тұрғынның 20 млн теңге тұратын алтын бұйымдарын алдап алған Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

Ол өзінің жымысқы ойын жүзеге асыру үшін WhatsApp мессенджерінде топ ашып, адамдарды спорттық шараларға ақша тігуден пайда табу бойынша қызметін ұсынған. Адамдардың сеніміне кіру үшін, топта фейк чектер мен ұтыс түбіртектерін жариялаған. Әйел тәулік ішінде 100 пайыз пайда ұтысқа ие болуды уәде етіп, осы ұсынысына қызыққандарды электрондық әмиянға ақша аударуға көндірген. Аңқау азаматтар электрондық әмиянға 100 мыңнан 300 мыңға дейін ақша аударды. Қаскүнем ақшаны аудартып алған соң жәбірленушілердің нөмірлерін бұғаттап отырды.

Тергеу барысында күдіктінің спортқа ақша тігуге еш қатысы болмағаны, ақшаны өз қалауымен жұмсағаны анықталды.

Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде ұсталған әйел 19 эпизодқа қатысы бар деген күдікке ілінді, алайда оның қолынан жәбірленгендер бұдан да көп болуы әбден мүмкін. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 3 500 000 теңгені құраған.

Пандемия кезеңінде Интернетте ақшаны көбейту бойынша қызықтыратын ұсыныстар саны көбейе түсті.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды сақ болып, желідегі алаяқтардың айласына алданбауға, Интернет желісінде табысын көбейту бойынша сенімсіз акцияларға қатыспау керектігін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT