Елордада Алаш тас жолындағы көпірде қозғалыс жартылай жабылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Алаш тас жолындағы көпірде қозғалыс жартылай жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

26 қарашада сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Алаш тас жолының (Бөгенбай батыр даңғылы бойында) оң жақ шеткі жолағын Ш.Уәлиханов көшесінен Орталық базарға дейін жабылады

«Кептеліс болдырмас үшін жүргізушілер бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмысына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар