Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Алаш тас жолында күрделі жөндеуден кейін көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әу баста көпір апатты деп танылған болатын. Көпірдің бір бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілді, атап айтқанда жол өтпесінің авариялық бөлігі бөлшектеліп, қайта жасалды. Жоба бойынша 140 метр көпір салынды. Сонымен қатар, көпірдің екі жағынан 700 метрден асфальт төселді. Сондай-ақ, металл эстакаданың жүру бөлігі қалпына келтірілді», - деді геодезия саласының маманы Алинұр Әбілмажан.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, 6 шілде, Астана күніне орай кезекте тұрғандарға, жұмыс істейтін жастарға, үлескерлерге пәтер кілттері табысталды. Бұдан басқа, бірқатар әлеуметтік нысандар мен 100-ге жуық аула және қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, скверлер, бульварлар) құрылысы аяқталуда, индустриялық паркте екі зауыт іске қосылды.

Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі


Соңғы жаңалықтар