Елордада Әл-Фараби даңғылы жартылай жабылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әл-Фараби даңғылы (бұрынғы айналма жол, Байырқұм көшесі) 17 маусымға дейін жартылай жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, әл-Фараби даңғылы Пушкин көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде жол желісі орташа жөнделеді.

«Осыған байланысты 28 мамыр мен 17 маусым аралығында осы учаскеде көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған», делінген хабарламада.

Көлік жүргізушілерге кептелісті болдырмас үшін алдан ала бағытын жоспарлап алу керектігі ескертілді.

Соңғы жаңалықтар