Елордада ақша айырбастау пунктінен 10 млн теңгені қолды қылған ұры ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада пышақпен қаруланған ер адам ақша айырбастау пуктіне басып кіріп, 10 млн теңгені қолды қылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал қаласының тумасы ақша айырбастау пунктіне шабуылдамас бұрын букмекерлік кеңсеге ақша ұтылып қалған.

Тәртіп сақшылары уақыт оздырмай күдіктінің ізіне түсіп, бір тәуліктің ішінде қолға түсірген.

«Ұсталған күдікті жымқырған ақшасын ұстап үлгермеді. Қазіргі уақытта елордадағы уақытша оқшаулағышта отыр. Заттай дәлелдер тәркіленіп алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 193-бабы бойынша сотқа дейіні тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда», - делінген департаменттің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар