Елордада АҚШ Мемлекеттік хатшысының қатысуымен С5+1 кездесуі өтеді

None
None
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Бүгін Женевада АҚШ тарапының бастамасы бойынша С5+1 форматында жоғары деңгейдегі онлайн кездесуі өтті. Оған Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев, Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, қатысушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Украинадағы жағдайды және оның Орталық Азия өңіріне ықпалын талқылады.

«С5+1 форматы Орталық Азияның бес мемлекеті мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың көпжақты тетігі.

Келесі министрлік кездесуі биыл Қазақстан астанасында Орталық Азия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының қатысуымен өтеді деп күтілуде», - делінген СІМ хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар