+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Елордада АҚШ азаматы мас күйде ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылды

2021 жылғы 26 шілде 13:44
Бөлісіңіз:
Елордада АҚШ азаматы мас күйде ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19-23 шілде аралығында елордада «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасы жүргізілді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер жол ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жол ережесін бұзған 40 адамның көлігі айыппұл тұрағына қойылды Алматыда Күдерин көшесі жабылады Алматы облысында полицияға қару өткізгендерге 6 млн теңгеден аса сыйақы төленді

Жедел алдын алу шарасының қорытындысы бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 4000-ға жуық әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды. Олардың 33-і – мас күйінде көлік құралын басқару фактісі. Көлік басқару құқығынан айырылған 4 жүргізуші ұсталды. Қарсы жолаққа шығудың 19 фактісі анықталды, жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермегені қамтылған 112 факті тіркелді, 730 жаяу жүргінші жолды тиісті емес жерден кесіп өткен.

Жедел алдын алу шарасы барысында полицияға «Toyota» маркалы автокөлікті мас жүргізуші тізгіндеп келе жатқаны туралы хабар келіп түскен. Патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының қызметкерлері Е-10 көшесінің бойында автокөлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру барысында жүргізуші АҚШ азаматы екені анықталды, автокөлік иесі тізгінде өзінің танысына берген екен. Көлік ішінен ішімдіктің иісі шығып тұрған. Жүргізілген медициналық сараптама қорытындысы бойынша жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйінде болғаны анықталды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен көлік жүргізушісі мен иесі арнайы қабылдау орнына 15 тәулікке орналастырылды, сонымен қатар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Көлік коммуналдық тұраққа орнатылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT