Елордада әкімдігінде қандай инвестициялық жобалар қолдау тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың төрағалығымен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде медицина, білім беру, спорт және т. б. салалардағы перспективалық жобалар таныстырылды.

Инвестордың айтуынша, медициналық ұйым қызметтердің толық спектрін көрсететін болады. Мекеме базасында зертханалық-зерттеу орталығы орналасады. Білім беру саласындағы 5 жеке инвестжоба 5 мыңнан астам оқушыны жаңа оқу орнымен қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелер 600-ден астам жаңа оқу орнымен қамтылады.

«Мемлекет басшысы инвестициялық әлеуетті арттыру, әсіресе білім беру жүйесіне инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Біз қолдаған жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Инвесторлар нәтижелерін көрсетіп, өз жобаларымен жұмыс істеулері тиіс», - деді А. Көлгінов.

Сондай-ақ, кеңесте жабық футбол алаңын салу жобасы қаралды, барлығы 9 инвестициялық жоба қолдау тапты.

Соңғы жаңалықтар