Елордада ағзасын алмастырған спортшылар сайысы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Елордадағы "Алау" мұз айдынында ағза алмастырғандар мен диалездегі жандар арасында ұлттық спорттық ойындардың ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің барлық өңірлерінен, Польша және Ресейден келген 100-ден астам үміткер жүзу, волейбол, үстел теннисі, дартс және боулинг сияқты спорттың бес түрінен сынға түспек.

Қатысушылар жас бойынша бес санатта бақ сынамақ.

Қазақстан аумағында халықаралық деңгейде бірінші рет өтіп отырған сайысқа Еуропадан мәртебелі меймандар шақырылыпты.

"1977 жылдан бері ағза алмастырған адамдар арасында спорт насихатталып келеді. Бүгін осы жерде тұруымыз Қазақстанда медицинасында бетбұрыс бар екенін көрсетеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Жәнібек Оспановты Мюнхенде алғаш көргенде жалғыз жанталасып жүретін. Міне қазір қасына көптеген адамдар топтасыпты. Соған қарап ізгі спорттың дамып жатқанын көреміз", - деді Ағза алмастырған және диалездегі спортшылардың еуропалық федерациясының президенті Беренте Юдит.
null

Еуропалық мейман есімін атаған Жәнібек Оспанов - Қазақстанда бірінші болып жүрегін алмастырған адам. Қазір тағдырластарының басын қосып, Спорт істері және дене шынықтыру комитеті жанынан өз федерацияларын құруға әрекеттеніп жүр.
null

"2012 жылдың тамызында бір марұүм әйелдің жүрегін ұлының келісімі бойынша маған салды. Осы күрделі кезеңнен қиналмай өтуіме спорт көп көмегін тигізді. Отадан кейін ұлды болдым. Осындай шаралар арқылы трансплантациядан кейін де жарқын өмір бар екенін көрсеткіміз келеді", - дейді жарысты ұйымдастырушы.
null null null null null null null null null

Жарыс 10-13 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше спорт нысанында өтеді.

Соңғы жаңалықтар