+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордада Абайға үлкен ескерткіш орнатылады

2019 жылғы 30 қазан 13:13
Бөлісіңіз:
Елордада Абайға үлкен ескерткіш орнатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Абай әлемі» орталығы салынады. Бұл туралы бүгін Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда жазасын өтеуші Абайдың биіктігі 3 метрлік суретін салды Мектеп бағдарламасына «Абайтану» оқулығы енгізіледі «Абай мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі» виртуал көрмесі ашылды

«Нұр-Сұлтан қаласында Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізуге байланысты қала әкімшілігімен келістік. Қазір қала әкімшілігі жер бөлді. Өз есебінен жобалық-сметалық құжат жасауға кірісті. Бізге тапсырма берсеңіз, «Самұрық-Қазына» және басқа да компаниялардың есебінен Нұр-Сұлтан қаласында «Абай әлемі» деген үлкен орталық салсақ деген ойымыз бар. Оған қоса, қала әкімшілігі өз есебінен Абай көшесінің бойында ұлы ақынға қосымша үлкен ескерткіш орнататын болады», - деді Бердібек Сапарбаев.

Премьер-Министрдің орынбасары ақынның 175 жылдық мерейтойына орай мектептерде, оқу орындарында Абай әлеміне қатысты сабақтар, сипозиумдар, конференциялар сияқты шаралар өткізілу тиістігін айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT