+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Елордада Абай мұрасына арналған республикалық конференция өтті

2020 жылғы 28 қазан 13:11
Бөлісіңіз:
Елордада Абай мұрасына арналған республикалық конференция өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Абай мұрасы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Украинада «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды Әлібек Шегебай: Абайы бар ел ешқашан адаспайды

Іс-шара ұлы ойшылдың жаңарған қоғамның қалыптасу негіздері бағытындағы мұраларын, сондай-ақ «Мәңгілік ел» идеясы аясында «кемелденген тұлға» тұжырымдамасын зерттеуге бағытталған. Конференцияға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, Абай шығармаларын зерттейтін ғалымдар қатысты.


Шараға ұлы ақынның туған жерінен Шәкәрім университеті жанындағы Абай институтының директоры Жандос Әубәкір келді. Ғалымның айтуынша, Абай мұрасын зерттеу бір күнмен ғана шектелмейді, оның еңбектері әрқашан өзекті болып қала бермек.

«Бүгін Еуразия ұлттық университетінде Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған маңызды конференция өтіп жатыр. Іс-шараның елордадағы ірі университеттердің бірінде өтуі қисынды және өте орынды. Осы университеттің қабырғасында «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты құрылды. Институт Абайдың мұраларын зерттеу бойынша көп жұмыс жасады. ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың жетекшілігімен түрлі кітаптар мен жинақтар шығарылды. Абай мұрасын зерттеу бір күнмен ғана шектелмейді. Біз әрқашан оның шығармаларын, өмірге деген көзқарастарын зерттеуіміз керек, бұл үшін терең білім қажет. Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Жыл сайын біз ол туралы қызықты фактілерді табамыз. Бірнеше жыл бұрын біз мұрағаттан оның болыс басқарушысы ретінде қызметін растайтын құжатты таптық. Абайдың айрықша ерекшелігі - ол өзінің әдеби мектебін қалыптастырды, біз осы мектептің өкілдерін де зерттедік», - дейді Жандос Әубәкір.

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Кемеңгер Қайырбек Абай әрбір қазақстандықтың жүрегінде өмір сүретінін атап өтті.

«Бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде ғалымдар, абайтанушылар бар. Іс-шара Абай жылын ғылыми қорытуға бағытталған. Абай әрбір қазақстандықтың жүрегінде. Биыл университетімізде Абай институты құрылды, абайтану туралы 20-ға жуық кітап жарық көріп, тұсаукесері өтті. Абай ХХ ғасырдың басында Алаш партиясының басшылығымен зерттелді. Мұрағаттық мәліметтер сол кезде өңделген болатын», - дейді ғалым.


Конференцияда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабулдинов және басқа да ғалымдар баяндама жасады. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша Абай мұрасына арналған ғылыми зерттеулер жинағы таныстырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT