+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордада 8 мың үлескер биыл пәтерлерінің кілтін алады

2020 жылғы 28 маусым 14:53
Бөлісіңіз:
Елордада 8 мың үлескер биыл пәтерлерінің кілтін алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 8 мың үлескер биыл пәтерлерінің кілтін алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада велосипед ұрлауды «кәсіп» еткен 39 жастағы азамат ұсталды Биыл елордада пайдалануға берілетін үй саны өткен жылғыдан екі есе көп- әкім Оралда екі көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20-ға жуық адам эвакуацияланды

«Әрбір үлестік құрылыс нысаны бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Үлестік құрылыс – күрделі мәселенің бірі. Кей үйлерде қазаншұңқыр ғана болса, кейбіреуінің үй қаңқасы ғана бар. Бірақ әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Бүгін, «Қорғалжын орамы», «Триумф Есіл-2», «Тұран Сығанақ» нысандарына бардым. Инвесторлар анықталды. «Қорғалжын орамында» құрылыс жұмыстары қайта басталды. Қалған екі үйде құрылыс жұмыстары келесі айда, шарттарға қол қойылғаннан кейін басталады», - деді елорда әкімі.


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, биыл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп үй салынып, пайдалануға берілетін болады. 8 мың үлескері бар 20 үйдің тұрғындары өз пәтерлеріне кіріп, тұрғын үй құжаттарын алады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT