Елордада 8,5 мың үй газға қосылған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада 8,5 мың үй газға қосылған. Бұл туралы Астана қалалық отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада тұрғын үй алаптарында орналасқан 20 мың жеке тұрғын үй бар. Олардың ішінде бүгінде 12 мың абонентке газ тартылып, 8,5 мыңына газ қосылған. Ай сайын бұл сан артып келеді. Адамдар мұның қаншалықты ыңғайлы әрі қолайлы екенін көріп отыр», - деді Мақсат Есмағұлов елорданың коммуникациялар қызметі баспасөз орталығында өткен брифингте.

Сонымен қатар ол қаланың газ жеткізілген аудандарын атап өтті.

«Көктал мен Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алабтарында 5 үйдің төртеуі газға қосылған. Меніңше, алдағы жылу беру маусымында бұл сан біршама артатын болады. Қалада Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Өндірістік, Оңтүстік-Шығыс, Күйгенжар, Мичурино, Транснациональный тұрғын үйй алаптары және 4 шағын аудан, атап айтқанда Мәскеу мен Потанин, Нұрбесік, Ақбидайдағы үйлерге газ толықтай тартылды. Мұнан бөлек, 1 зауыт, 15 көппәтерлі тұрғын үй, шамамен 300 шағын және орта бизнес субъектісі көгілдір отынмен қамтылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар