Елордада 700-ге тарта автобус жүргізушісі жетіспейді - «Astana LRT»

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 700-ге тарта автобус жүргізушісі жетіспейді. Бұл туралы брифингте «Astana LRT» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сеитов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің тарапымыздан автобус жүргізушілерін іріктеу бойынша қажетті шараларды іске асырудамыз. Зейнет жасына жеткен жүргізушілер зейнеткерлікке шығып жатыр, ал жастар осы кәсіпке келуге қызығушылық танытпауда», дейді «Astana LRT» ЖШС өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, автобус парктері тарапынан лайықты еңбекақы болуы пысықталуда.

«Нұр-Сұлтан қаласында жүргізушілер тапшылығы бар, бүгінде 700-ге жуық адам жетіспейді», - деді Б. Сеитов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Astana LRT» автобус пен тепловоз соқтығысуына қатысты түсінік берді.




Соңғы жаңалықтар