Елордада 70-ке жуық велосипед ұрлаған күдіктілер ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер жыл басынан бері 42 күдіктіні ұстап, 70-ке жуық велосипед ұрлығын ашты, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

«Жазғы мезгілде елорда тұрғындары мен қонақтары көбінесе велосипедпен жүруді қалайды. Алайда бұл көлікті қаскөйлер де көздейді. Сараптама негізінде, әсіресе түнгі мезгілде үйлердің кіреберісінен, ауладан велосипед ұрлығы көп тіркеледі. Қолды қылған велосипедтерді арзан бағамен сатады немесе басқа қалаға әкетеді» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, 15 шілдеде тез арада 3 күдікті ұсталды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы («ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар, ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

«Егер осы күдіктілердің әрекетінен зардап шеккендер болса, мына телефондарға: 8 (7172) 71-60-28; 71-60-69 немесе «102» хабарласуды сұраймыз», - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар