Елордада 7 жасар баланы азаптаған өгей әке қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері 7 жастағы баланы сабау оқиғасына қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттен хабарланғандай, қалалық ауруханаға әртүрлі дене жарақатымен жасөспірім бала түскен.

«Аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр жарақат келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысында анықталғандай, 7 жасар бала өз анасы және өгей әкесімен бірге тұрған. Аталмыш іс бойынша терең талдау жүргізе отырып, полиция мынадай қорытындыға келіп отыр: бала шешесімен бірге тұрып жатқан ер адамнан жиі жәбір көрген. Баланың айтуынша, үйде анасы болмаған кезде күндізгі уақытта ер адам оны сабап жүрген. Кей жағдайда тіпті балаға түні бойы ұйқы бермей, көбейту кестесін жаттатып қойған. Баланы азаптау жағдайы жиі орын алып отырған», - делінген департаменттің хабарламасында.

Куәгерлердің жауаптары мен тергеу амалдарына сүйене отырып, әлгі ер адам баланы сабау фактісіне қатысты күдікті ретінде танылды. Ер адам ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар