+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Елордада 7 және 9 мамыр күндері өтетін мерекелік іс-шаралар кестесі жарияланды

2021 жылғы 4 мамыр 17:26
Бөлісіңіз:
Елордада 7 және 9 мамыр күндері өтетін мерекелік іс-шаралар кестесі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада алдағы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне арналған іс-шаралар тізімі жарияланды. Карантиндік шараларға байланысты іс-шаралардың бәрі онлайн өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада  екі қабатты коттедж үй аула клубына айналды Елордада демалыс күндері жәрмеңке өтеді Елордада шомылуға рұқсат етілген орындар белгіленді

Елорданың мектептерінде 6 мамырға дейін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған сынып және куратор сағаттары, әскери-патриоттық тәрбиедегі әндердің онлайн байқауы өтеді. Онлайн шараларды Instagram желісіндегі «Астана жастары» және «Жас сарбаз» парақшаларынан көруге болады.

Елорданың «Білім-инновация» лицей-интернаты» 5 мамыр күні мерекеге орай «Бір үзік сыр» сұхбатын өткізеді. Сыр-сұхбатты білім мекемесінің Instagram желісіндегі ресми парақшасынан тамашалауға болады.

№4 қалалық емханада ҰОС ардагерлері мен оған теңелген тұлғаларға арнап медициналық тексеру ұйымдастырылады. Ал №2 қалалық емхана соғыс ардагерлеріне арналған үй күтімі жөніндегі дәрігерлер кеңесін өткізеді. Бұл шаралар 6 мамырға дейін жалғасады.

«Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені «Малиновка» іздеу клубымен бірлесіп, 5 мамыр күні тыл ардагерлерімен, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ өкілдерімен, сондай-ақ «Ерлікке тағзым, ардагерге – құрмет» әскери қызметшілерімен кездесу өткізеді.

Сонымен қатар 5-10 мамыр аралығында ҰОС жауынгерлеріне арналған монументалды кешенге, «Отан қорғаушылар» мемориалдық кешеніне, М.Мәметова, Б.Момышұлы ескерткіштеріне онлайн экскурсия жүргізіледі. Толық мәліметтерді Мәдениет басқармасынан, Біріккен мұражайлар дирекциясынан, тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығынан алуға болады.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Qazaqstan телеарнасы «Ақиқат пен аңыз» концерт-спекталін ұсынады.

Отан қорғаушылар күніне орай «ANK Live» студиясының тікелей эфирі ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен өтетін іс-шараны ұсынады. Онлайн шараны Facebook, Instagram әлеуметтік желіcінен көруге болады.

Нұр-Сұлтан қаласы филармониясы оркестрі 8 мамыр күні 22 ҰОС ардагеріне арнап көшпелі концерт ұйымдастырады. Сол күні Jas sarbaz әскери-патриоттық жобасы аясында ардагерлерге азық-түлік себеті табыс етіледі.

Ал 9 мамыр – Жеңіс күніне орай елорда көшелерінде «Жеңіс жолдарымен» мобильді іс-шарасы өтеді. Дәл осы күні «Хабар» телеарнасында «Ер есімі – ел есінде» концерті жұртшылық назарына ұсынылатынын еске сала кетейік.

Айта кетейік, елордадағы іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT