Елордада 60 адам мейрамханада өткен қыз ұзату тойына барған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың мониторинг жүргізу тобы қаланың Айнакөл көшесінде орналасқан «Ereymen» мейрамханасында күндізгі сағат 14:30-да қыз ұзату тойы өткізіліп жатқанын анықтады. Мекеме ішінде 60-тан астам адам көңіл көтеріп жүрді, олардың арасында балалар да болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көпшілік арасында бірнеше сағат өткізген бейберекет адамдар өздерінің ғана емес, айналадағы басқалардың денсаулығын қатерге тігіп жатқанын сезінбейді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материал ҚР Әкімшілік құқыбұзушылықтар туралы кодексінің 425-бабымен әкімшілік өндіріс қозғау үшін Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жіберілді.

Мобильді топтар карантин режимін бұзу фактісін жиы де анықтайды. Кеше ғана 68 кәсіпкерлік нысаны тексеріліп, соның ішінде 10-ы карантин режимін бұзғаны анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті кәсіпкерлерді карантин шектеуін бұзғаны үшін жауапкершілік бар екендігін ескертіп, санитария нормаларын сақтауға шақырады. Полиция тұрғындарға көпшілік жиналатын іс-шараға қатысудан бас тартып, той-томалақ өткізбеуге кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар