+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Елордада 6 санатқа кіретін азаматтар қала маңындағы автобустарда тегін қатынайды

2020 жылғы 27 ақпан 13:31
Бөлісіңіз:
Елордада 6 санатқа кіретін азаматтар қала маңындағы автобустарда тегін қатынайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – CTS компаниясының басшысы елордадағы балалармен бірге халықтың қай санатына қоғамдық көлік тегін болатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларды қоғамдық көлікте тегін жүргізу жеңілдігіне келер болсақ, бұл үшін ешқайдан ешқандай қаражат бөлінбейді. Тасымалдаушылар үшін белгілі бір шығын келгенімен, көтеріп алуға болады. Алты санатқа қоғамдық көлік тегін болады. Алты санатқа қоғамдық көлік тегін болады. Ол алты санаттың ішіне зейнеткерлер, мүгедектер, соғыс ардагерлері, мүгедектерді алып жүрген адамдар, көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылардың мүшелері кіреді», - деді Бекмырза Игенбердинов.

Еске сала кетсек, бұған дейін астаналық кәмелетке толмаған балалардың автобуста тегін жүретіні хабарланған еді.

Сондай-ақ, бүгін елордадағы қоғамдық көлікке жауапты «Astana LRT» ЖШС атауы өзгергені белгілі болды.

«Әу баста елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы - City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ», - деді елордада өтіп жатқан көрме-конференция барысында Бекмырза Игенбердинов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT