+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Елордада 50 жылдық мерейтойға жиналғандар мейрамханадан қайтарылды

2020 жылғы 19 қазан 20:12
Бөлісіңіз:
Елордада 50 жылдық мерейтойға жиналғандар мейрамханадан қайтарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары карантин режимінің шектеу шараларына қарамастан отбасылық отырыстарды өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кеше, 18 қазан күні сағат 17.10-да полиция қызметкерлері «QUMAN» мейрамханасында басталған 50 жылдық мерейтойды тоқтатқан. Отырыс енді қызған сәтте мейрамханаға Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, әкімдік пен Нұр-Сұлтан полициясы өкілдерінен тұратын мобильді топ кіріп келіп, көңілді кештің одан ары жалғасуына мүмкіндік бермеді.

«Мейрамхана иесі мен шараны ұйымдастырушы шектеулерді елемей, адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Мейрамхана иесі мен мерекелік отырысты ұймдастырушыға қатысты жиналған материал ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 424-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», - деп атап өтеді ведомстводан.

Департамент ақпаратына қарағанда, бір тәуліктің ішінде мобильді топ 132 кәсіпкерлік субъектісін тексеріп, карантин режимін бұзудың 36 фактісін анықтаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT