Елордада 5 жыл ішінде 1 мың педагог даярланады - әкімдік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елордада жаңадан 11 мектеп салу жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022-2026 оқу жылына қала әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін 1 310 білім грантын бөледі. Қалалық білім басқармасы педагогикалық мамандықтарға қажеттілік бойынша 1 мың орынға өтінім беріп отырмыз. Бүгінде елордада үш ауысымда оқытатын 4 мектеп және оқушы саны шамадан тыс 15 мектеп бар. Осыдан 5 жыл бұрын қалада 130 542 оқушы, яғни 84 мемлекеттік және 11 жеке мектеп болды. Биыл қаладағы оқушылар саны 215 832-ге жетті. Сол сияқты қазір қалада 99 және 43 жеке мектеп бар», - деді Қасымхан Сенғазиев елорда әкімдігінде өткен қоғамдық кеңес отырысында.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, биыл елордада 23 050 орындық 11 мектептің құрылысы жоспарланған.

«Жыл сайынғы оқушылар контингентінің өсуі мен жаңа мектептердің ашылуын ескерсек, 2025 жылға дейін қажеттілік 8 160 педагогты құрайды. Бұл болжам 2025 жылға дейін 68 жаңа мектептің құрылысын ескере отырып жасалып отыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар