Елордада 5 күнде 2 мыңға жуық жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда 12 мамырдан бастап жедел-алдын алу шаралары жүріп жатыр.

Оның барысында көлік құралын пайдалану және жолда жүру ережесін бұзушылар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-алдын алу шаралары басталғаннан бері 1 823 жолда жүру ереесін бұзу фактісі, 319 ақауы бар автокөлік, міндетті техникалық байқаудан өтпеген транспортты жүргізген 100 жүргізуші анықталды. Түрлі ЖЖЕ-ні бұзғаны үшін 201 көлік құралынан нөмірі алынды.

Заңсыз қайта жабдықталған 21 көлік коммуналдық тұраққа қойылды, барлығы жолда жүрі тәртібін бұзғаны үшін 82 көлік тұраққа қойылды.

Мысалы, полицейлер Тұран көшесі бойында орталық саябаққа қарама-қарсы жерде нөмерін дұрыс орнатпағаны үшін «Honda» маркалы мотоциклінің жүргізушісін тоқтатты. Ол нөмірді мотоцикл орындығының астына орнатқан. Транспорттық құрал айыппұл тұрағына қойылды, жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Одан бөлек, жедел-алдын алу шаралары кезінде ЖЖЕ-ні бұзған астаналық жүргізушілер де анықталды. Осылайша, 12 мамырдан бастап маневр жасау ережелерін бұзған 46 жүргізуші, жолдың қарсы бетіне шыққан 27 жүргізуші, бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне жүрген 62 жүргізуші, мас күйде рөлге отырған 14 жүргізуші ұсталды, 22 жүргізушінің көлік жүргізу құқығы мүлде болмаған.


Соңғы жаңалықтар