+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Елордада 42 мың тоннадан астам қоқыс кәдеге жаратылды

2021 жылғы 28 шілде 14:14
Бөлісіңіз:
Елордада 42 мың тоннадан астам қоқыс кәдеге жаратылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда стихиялық қоқыстармен күрес өз нәтижесін беруде. Рұқсат етілмеген полигондардың үштен бірі азайды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін Қостанай қаласында ауа сапасы нашарлайды ШҚО тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған 60 келіден астам шаян табылды Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-дағы экологиялық мәселе бойынша тапсырма берді

Елордалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, жуырда Ақмола облысының Айналма жолы аумағында, сондай-ақ Байқоңыр ауданында ведомство инспекторлары апатты қоқыс үйінділері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында полигондар жойылды.

Өткен жылмен салыстырғанда рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындар саны әкімдік тарапынан күшейтілген бақылаудың нәтижесінде 533-тен 385-ке дейін, яғни үштен бірі азайған.

Естеріңізге сала кетейік, рұқсат етілмеген қоқыс орындары жыл сайын «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ Геопорталының ғарыштық мониторингі арқылы табылып, жойылады.

Биыл 42 мың тоннадан астам қоқыс кәдеге жаратылып, 100-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT