+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Елордада 40-қа жуық кәсіпкерлік нысан «Ashyq» қосымшасын пайдаланып отыр

2021 жылғы 2 наурыз 17:53
Бөлісіңіз:
Елордада 40-қа жуық кәсіпкерлік нысан «Ashyq» қосымшасын пайдаланып отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осыдан бір ай бұрын елорданың кейбір мекемелері, соның ішінде фитнес-орталықтар, моншалар, сауналар келушілердің статусын анықтау үшін QR-код пайдалану жөніндегі «Ashyq» пилот жобасына қатыса бастады. Бұл жайында қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында 6 кәсіпкер «Ashyq» жобасымен жұмысын бастады «Ashyq» жобасына банкет залдары мен караоке қосылады Түркістан облысында «Бастау бизнес» жобасы бойынша 3 650 тұрғын оқытылады

Естеріңізге сала кетейік, «Ashyq» мобильдік қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау арқылы келушінің мәртебесін анықтауға, яғни коронавирус тасымалдаушы ма, жоқ па деген сауалды нақтылауға мүмкіндік береді.

QR-код жүйесін бүгінде елорданың 39 кәсіпкерлік нысаны енгізді.

Олардың арасында фитнес-орталықтар, сауналар, бассейндер, моншалар, боулинг клубтары, бильярд бөлмелері және т.б. бар.

Айта кетейік, QR-код бизнес субъектісінің атауы, орналасқан жері және сәйкестендіру деректері көрсетілген электрондық сәйкестендіргіш болып саналады.

Нақты бір объектіге кіру және шығу үшін кемінде 2 QR-код беріледі. Егер мекемеге бірнеше рет кіріп-шықса әр кіргені үшін жеке код жасалады.

Келушіге өзінің смартфонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеу, телефон нөмірі бойынша авторлану, ЖСН енгізу және өзінің баруын тіркеу үшін мекеменің QR-кодын сканерлеу қажет.

Сондай-ақ, шығу кезінде QR кодын сканерлеу керек.

Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің мәртебесін оның келісімімен ақпараттық жүйеде тексереді.

QR-кодты сканерлегеннен кейін мобильді қосымшада келушінің мәртебесі түрлі-түсті форматта жанады. Ол бойынша адамның байланыста болғаны немесе жұқтырғаны айқындалады:

- «жасыл» мәртебе – келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткені ретінде белгіленген;

– «көк» мәртебесі – ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19 науқаспен байланыста болмаған;

– «сары» мәртебе – деректер базасында COVID-19 науқаспен байланыста болғаны ретінде көрсетілген;

– «қызыл» мәртебе – COVID-19 үшін оң нәтижемен базада тіркелді.

Мәртебе ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 бақылау орталығы сияқты ақпараттық жүйелермен салыстыру негізінде беріледі.

Егер келушінің «қызыл» немесе «сары» мәртебесі байқалса, ол пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектісіне жіберілмейді.

Осы мәртебелердің бірімен келушілер туралы ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерін хабардар ету қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT