Елордада 4 мың литрден астам дизель отынын заңсыз сату дерегінің жолы кесілді
2021 жылғы 26 қараша 20:15

Елордада 4 мың литрден астам дизель отынын заңсыз сату дерегінің жолы кесілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада төрт мың литрден астам дизель отынын заңсыз сату дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бұл мемлекет үшін де, азаматтар үшін де айтарлықтай зиян келтіретін жоғары табысты бизнес.

Біріншіден, сапасыз отын шығарындыларымен ластанған қоршаған ортаға зардап тиеді.

Екіншіден, мемлекеттік бюджетке мұнай кірістері мен алымдары толық төленбейді.

Үшіншіден, сұйылтылған бензин мен дизельден қозғалтқыштары бұзылған тұтынушылар үшін проблемалар туындайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті дизель отынын заңсыз сақтау және сату дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Мәселен, Н.Мұқанов 2021 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында жүк көліктерінің жүргізушілерінен дизель отынын нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алған. Бұл ретте, олардың шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттар болған жоқ.

Содан кейін дизель отынын ілеспе жүкқұжаттарсыз және басқа қажетті құжаттарсыз жоғары бағамен сатып отырған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 4,6 тонна дизель отыны тәркіленді.

Н.Мұқанов 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT