Елордада 4 көлік соғылып, бір адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 4 көліктің соқтығысуы салдарынан бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кеше кешкі сағат 21.00-де Республика даңғылымен келе жатқан «ВАЗ 2106» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, «Daewoo Nexia» көлігімен соқтысқан. Соқтығыс салдарынан ВАЗ көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Toyota «, одан кейін «Лада 21 726» көліктерін қаққан.

«Жол-көлік апаты салдарынан «ВАЗ 2106» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар