Елордада 351 рет ереже бұзған көлік жүргізушісіне ірі көлемде айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 351 рет ереже бұзған көлік жүргізушісін ұстады. Ұсталған жігіт Қырғыз Республикасының азаматы болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Есіл аудандық Полиция басқармасына такси жүргізшілерінің бірі жүгініп, Тұран даңғылының бойымен «Субару Оутбак» маркалы автокөліктің күнде жол ережесін өрескел бұзатынын хабарлады. Полиция қызметкерлері тергеуді бастап, аталмыш көлікті жүргізген Қырғызстан азаматын ұстады. «Сергек» камераларын зерттеу барысында оның жол жүру ережесін 351 рет бұзғаны анықталды. Ол 77 рет қоғамдық көліктің жолына шығып кетсе, 274 рет жылдамдық режимін арттырған. Қала ішінде кейде сағатына 142 шақырыммен жүрген. Жүргізушіге жалпы сомасы 7 млн теңге айыппұл салынды», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен.

«Субару Оутбак» маркалы автокөлік коммуналдық тұраққа қойылған. Себебі стандартқа сай келмейтін бәсеңдеткішті қойып, ол жігіт автокөлігін қайта құрылымдап алған. Бүгін полиция қызметкерлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын аяқтайды. Сағат 19.00-ге дейін полиция қызметкерлері арнайы жасақталған автобустар арқылы халықты қабылдайды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар