Елордада 35 жастағы шетел азаматы өзін пышақпен жаралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде қолына пышақ ұстаған ер адам жұрттың зәре-құтын қашырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ер адамның пышақпен өзін жаралағаны бейнеленген видео тарады.

Бүгін 18:28-де 102 қызметіне Mega Silk Way сауда орталығында 1985 жылы туған Түркия азаматының мас күйінде өзін жаралағаны туралы хабар келіп түскен. Ол білегінің бірнеше жерінен пышақпен кескілеген. Жанындағы адамдар жабылып жатып, еркектің қолындағы пышағын тартып алды. Сөйтіп басқа келушілерге қауіп төнбеді.

Тәртіп бұзған азаматқа медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі таңда ол ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, шетелдікті елден шығару мәселесі қаралып жатыр.



Елордалық полиция департаментінің басшылығы халыққа қауіп төндірген азаматқа қарсы тұрып, белсенді азаматтық позициясын көрсете білген астаналықтарға алғыс айтады.



Соңғы жаңалықтар