Елордада 31 жастағы мас әйел жол апатын жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 қазан күні сағат 00:58-де Нұр-Сұлтан қаласында «Тойота» көлігін алкогольді мас күйінде жүргізіп келе жатқан 31 жастағы әйел Республика және Абай даңғылдарының қиылысында бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей, 26 жастағы жүргізуші жүргізген «Лада» маркалы көлікпен соқтығысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне cілтеме жасап хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада» көлігінде отырған 25 және 33 жастағы жолаушылар түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

Ал «Тойотада» отырған 37 және 31 жастағы жолаушылар медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді.

Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, сол күні сағат 20:21-де «ГАЗ» маркалы көліктің 33 жастағы жүргізушісі Қонаев көшесімен Тұран даңғылы жаққа қозғалып келе жатып, жол белгісінің талабын сақтамай, «Астана опера» театрының жанындағы жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің жақтауына соғылды. Жол апаты салдарынан материалдық шығын келді. Зардап шеккендер жоқ.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Елорданың полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолда мұқият болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар