Елордада 30 наурыз бен 11 сәуір аралығында қандай шектеу шаралары енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай, COVID-19 тіркелуінің күрт өсуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай, COVID-19 тіркелуінің күрт өсуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік шараларды күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысы қабылданды. Онда әлеуметтік-экономикалық нысандарда жұмыс режиміне қатысты өзгерістер енгізілді», - дейді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, 30 наурыз бен 11 сәуір аралығында төмендегі мекемелердің қызметіне шектеу қойылады:

— Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен азық-түлік емес тауарларды сататын сауда желілері жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істесе, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. (Бұл ереже аталған нысандардың ішінде орналасқан дәріханаларға, азық-түлік пен қажетті заттарды сататын минимаркеттерге, супермаркеттерге, гипермаркеттерге, сондай-ақ осы қаулымен олардың орналасқан жеріне қарамастан қызметіне рұқсат етілген нысандарға қатысы жоқ);

— Демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, жұмыс күндері тамақтану объектілерінің жұмысын 22.00 сағатқа дейін шектеу;

— Жұмыс күндері мен сенбі күні ашық аспан астындағы азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауар сататын базарлардың жұмысын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеу. Жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салынады.

Одан бөлек, Демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, азық-түлік және азық-түлікке жатпайты тауарды сататын жабық базарлардың жұмысына шектеу қойылады;

Жексенбі күндері қоғамдық көліктерге шектеу қойылады;

Спорттық нысандар (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) жұмыс күндері сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері жұмыс істеуге және топтық жаттығуларға тыйым салынады;

Фитнес-орталықтар, фитнес клубтар, спорттық-сауықтыру орындары, жабық бассейндер, СПА-орталықтар, СПА-салондар жұмыс күндері сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері жұмыс істеуге және топтықжаттығуға тыйым салынады. (Бұл ереженің «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын нысандарға қатысы жоқ. Олар үшін «сары аймақ» бойынша өлшемдер қолданылады).

Қоғамдық моншалар, сауналар, жеке жағажайлар мен аквапарктер жұмыс күндері 8.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салады. (Бұл ереденің «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын нысандарға қатысы жоқ, олар үшін «сары аймақ» бойынша өлшемдер қолданылады);

мектептерде оқытуды 9-11 сыныптарды қоспағанда (толымдылығы 15 адамнан аспуы керек) онлайн форматқа ауыстыру керек.

Жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттерін оқытуды онлайн форматқа аудару қажет.

Сондай-ақ, аниматроника театрларының, океанариумның, хайуанаттар бағының жұмыс істеуіне, спорттық және бұқаралық іс-шараларды өткізуге, концерт залдарының, театрлардың жұмысына тыйым салынады.


Соңғы жаңалықтар