Елордада 30 млрд теңгеге 6 азық-түлік қоймасы салынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Польшаның «Stokson» компаниясы Астанада 5 млрд теңгенің жобасын іске асырмақшы. Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев баспасөз конференциясында осындай мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада дайын өнім шығарып, қайта өңдейтін өндірістік кешен салуға бағытталған 8 инвестициялық жоба қолға алынды. Бірінші, Польшаның «Stokson» компаниясынан шетелдік инвестиция тарту көзделіп отыр. Жобаның жалпы құны шамамен 5 млрд теңге болады. Екінші, заманауи инфрақұрылым. Нақтырақ айтсақ, тауар сақтайтын 2 орталық, 1 қойма кешені, 3 көкөніс қоймасын салуға бағытталған инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Жобалардың жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңге болады», - деді ол.

Басқарма өкілі қалада бірнеше жылыжай салынатынын атап өтті.

«Үшінші – жылыжай кешендері. Тартылатын жалпы инвестиция сомасы – 22,7 млрд теңге болады. Жылдың қуаты 14 мың тонна болатын 2 жылыжай кешені салынып жатыр.

Төртінші – «Akmol food» ЖШС Ақмола облысының өндірушілерімен бірлесіп, қалада 2,6 млрд теңгеге 4 жыл бойы жәрмеңке жүргізетін инвестициялық жобаны іске асырып отыр. Биыл бұл жәрмеңке аясындағы тауарлар «егістіктен-сөреге» қағидаты бойынша сатылады», - деді Мақсат Жаңабаев.


Соңғы жаңалықтар