+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Елордада 30-ға жуық жылы аялдама орнатылады

2021 жылғы 14 қаңтар 17:43
Бөлісіңіз:
Елордада 30-ға жуық жылы аялдама орнатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл қыста Нұр-Сұлтан қаласында 30-ға жуық жылы аялдама орнатылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылы елордада 7 млн-ға жуық мемқызмет көрсетілді Су бетіндегі қалқымалы жағалау, спорт павильоны, скейт-парк: Нұр-Сұлтан 2021 жылы қалай өзгереді

«Осы қыста қала бойынша 30-ға жуық жылы аялдама орнатуды көздеп отырмыз. Жалпы жыл санап жылы аялдамаға сұраныс көбейіп келеді. Әсіресе, қаланың шеткі аймақтарында орнату керек. Себебі жыл сайын халық саны көбейіп, қала аумағы да кеңейіп келеді. Жылы аялдама керек, бірақ оның бәрін біз 1 жылдың ішінде шеше алмаймыз. Барлығы да жоспарға сәйкес іске асырылады. Ең бастысы тұрғындарға ыңғайлы болып, жағдай жасалуы тиіс», - деді А. Көлгінов тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, шаһар басшысының мәлімдеуінше, қаладағы жылы аялдамаларда шағын кәсіпті дамытуға ерекше мән берілетін болады.

Бұған дейін Алтай Көлгінов елордадағы коммуналдық төлем бағасының өсуіне қатысты пікір білдірген еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT