Елордада 3 жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 3 жасар сәби оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 маусымда 102 каналына Жүргенов көшесіндегі үйдің ауласында 9-қабат биіктіктен бала құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Үш жасар қыз алған жарақатынан сол жерде көз жұмды», - делінген ресми хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, оқыс оқиға бойынша сараптама тағайындалды.

Астана қаласының полиция департаменті қауіпсіздік ережелерін сақтау және балаларды назардан тыс қалдырмау керектігін тағы бір еске салады:

- Бала үйде болғанда терезелерді ашық қалдырмаңыз. Өзім қасындамын ғой деп ойлайсыз, бірақ сіздің бір сәт басқа нәрсеге алаңдауыңыз, баланың өмірін қиюы мүмкін;

- Ешқашан москит торларына сенбеңіз, балалар оларға сүйенеді және тормен бірге құлап кетуі мүмкін;

- Бала терезені өздігінен аша алмайтындай арнайы қорғаныс жүйелерін (құлып, блокатор) орнатыңыз;

- Жиһазды терезеден алыс қойыңыз, сонда бала терезе алдына шыға алмайды.


Соңғы жаңалықтар