+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Елордада 3 тамыздан бастап қоғамдық көлік қайта жүреді

2020 жылғы 1 тамыз 13:58
Бөлісіңіз:
Елордада 3 тамыздан бастап қоғамдық көлік қайта жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 тамыздан бастап жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтініші бойынша автобустар қозғалысы жанданады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен карантин кезеңіндегі қоғамдық көліктердің дайындығымен таныстым. Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтініші бойынша біз 3 тамыздан бастап автобус қозғалысын қалпына келтіреміз. Тек қала ішінде жүретін бағыттар іске қосылады», - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Автобустар сағат 6: 00-ден 21: 00-ге дейін жүреді. Қоғамдық көліктерге маскасыз кіруге тыйым салынады.

Оның айтуынша, көліктік бақылау бөлімінің қызметкерлері күн сайын рейдтер жүргізіп, жүргізушілер де, жолаушылар да маска режимін сақтайтын болады. Жүргізушілерге жолаушыларды салонға маскасыз кіргізуге қатаң тыйым салынады. Автобустан тек алдыңғы есіктен шығады. Жол жүру ақысы банктік аударым арқылы жасалады.


Бұған дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында Қазақстанда 3 тамыздан бастап шектеулі түрде қоғамдық көліктер жұмысын қайта жанданатындығы туралы айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT