USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Елордада 3,7 мыңнан астам оқушы Pfizer екпесін алды

2021 жылғы 26 қараша 06:35
Бөлісіңіз:
Елордада 3,7 мыңнан астам оқушы Pfizer екпесін алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Pfizer препаратымен 12-17 жас аралығындағы 3 700-ден астам оқушы екпе алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ажар Ғиният вакцинация деңгейі төмен өңірлерді атады Елордада бір күнде 177 адам төтенше жағдай режимін бұзды Apple компаниясы қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы екпе алуды талап етуде

Екпе алғандардың қатарында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ұлы Нұрәділ Мұратов та бар.

13 жастағы мектеп оқушысына Pfizer вакцинасы салынды.

«Кеше екпе алдым, өзімді қалыпты сезінемін – бәрі жақсы. Вакцина салған жерім ғана ауырады, бірақ бұл қалыпты ғой», - деді Нұрәділ Мұратов.

Оған дейін Нұрәділ Pfizer вакцинасы туралы көп ақпарат оқыған екен.

«Дәрігердің ұлы ретінде денсаулықты қалай күту керек екенін білемін, жаман індетпен ауырып қалу немесе ауырмау тек менің қолымда. Осыған дейін Pfizer туралы көп оқыдым, бұл вакцинаны алған адамдардың пікірін оқыдым, интернетте бұл туралы түрлі мақалалар іздедім. Өз басым вакцинация алудан ешқандай қорқыныш көріп тұрған жоқпын. Әкеміз вакцинация туралы көп айтқан. Екпе алуды шешімді өзім қабылдадым», - деді 13 жастағы мектеп оқушысы.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов балалар үшін вакцинанның маңызды екенін көп түсіндіргенін айтты.

«Мен, ең алдымен, екі жасөспірімнің әкесі ретінде олардың болашағы мен денсаулығына алаңдаймын. Анасы екеуіміз вакцина алуға мәжбүрлемедік. Оларға ата-аналар ретінде вакцинаның қалай жұмыс істейтінін және вакцинацияның не үшін қажет екенін ғана түсіндірдік. Олардың өздері де адамның иммунитеті туралы жеткілікті біледі, сондықтан екеуі де екпе алуға келісті. Жақында үлкен ұлым ЖРВИ-мен ауырған, сол себепті толық жазылғаннан кейін вакцина алады», - деді Т. Мұратов.

Бүгінгі таңда елордада Pfizer алуға жататын контингенттің ішінде 5,5 мыңнан астам қала тұрғыны вакцина алды. Оның ішінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 3 773, бала емізетін аналар – 1 667, жүкті әйелдер – 106.

Елордаға америкалық препараттың алғашқы кезеңінде 35 100 дозасы жеткізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT