Елордада 250-ден астам сәби шала туған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық неонатологтар үшін Израильдің алдыңғы қатарлы емханаларымен стратегиялық ынтымақтастық аясында «Тым аз салмақпен туған балаларды күтудің тиімді технологиялары» шеберлік сабағы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорданың 30 неонатологына озат неонатолог маман, медицина ғылымдарының докторы, «Шнайдер» Ұлттық балалар медициналық орталығының интенсивтік терапия бөлімінің меңгерушісі Михаэля Осовски сабақ өтті.

«Жыл басынан бері хирургия, урология, эндоскопия, шұғыл медициналық жәрдем бағыттары бойынша 5 мыңнан астам қызметкер біліктілігін аттырды», - дейді Астана қаласы қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының ана мен бала бөлімінің басшысы Сәуле Мұқышева.

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үстіміздегі жылдың 9 айында 259 бала шала туған.

«Біз қолданып отырған шетелдік тәжірибе мен озат технологиялар Қазақстанда нәрестелер ауруларының алдын алып, шетінеуін азайтады деп сенемін. Кейде, тіпті арнайы медициналық техникалар мен дәрі-дәрмектерді алуға бөлінген азын-аулақ инвестиция да жағдайды оңалтуға оң ықпал етеді», - дейді Михаэль Осовски.

Оның айтуынша, шетелдік мамандар елордалық дәрігерлермен де тәжірибе алмасқан. «Жергілікті дәрігерлердің жұмысын көріп таң қалдым, кейбір дәрі-дәрмектер мен қондырғылар болмаса да, олар балалардың өмірін сақтап қалуда», - дейді ол.

Бұдан тыс, «MVI» медицина орталығының бас директоры Наталья Мелехтың айтуынша, Астананың әріптестерді оқытатын орталыққа айналатындай әлеуеті жеткілікті.

 

Соңғы жаңалықтар