Елордада 24 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі елордада 24 қыркүйек күні өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де «Хилтон» қонақ үйінде «KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019» шарасы аясында «Каспий және Орталық Азияның мұнай өңдеу және мұнай химиясы» 6-шы халықаралық конференциясы жалғасын табады.

Сағат 09.30-да «KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019» аясында Конгресс-орталығында «Каспий аймағындағы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік» атты симпозиум өтеді.

Сағат 10.00-де Тәуелсіздік сарайында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші отырысы өтеді.

Сағат 10.00-де «KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019» аясында Конгресс орталықта XI KAZENERGY Жастар форумы басталады.

Сағат 17.00-де «Sputnik Қазақстан» мультимедиялық баспасөз орталығында Мәскеу-Бішкек-Ереван-Минск-Нұр-Сұлтан бейнекөпірі форматында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабының жетекшісі Анатолий Сидоров брифинг өткізеді.

АЛМАТЫ

Сағат 08.00-де жаңа күн электр станциясына (SES) баспасөз туры ұйымдастырылады. Шара барысында жаңа күн станциясының фотоэлектрлік модульдері мен жабдықтары, сондай-ақ, 2013 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген қолданыстағы 2 МВт СЭС-тің жұмысы таныстырылады.

Сағат 10.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Еуразиялық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы бойынша V халықаралық «Электрондық үкіметтен g-үкіметке» атты конференция өткізіледі.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылау бойынша «Көшбасшылар мінбер» жобасы аясында кітапханалық журналистік шара өтеді.


Соңғы жаңалықтар