Елордада 2012 жылдың - «Астана- Түркі мәдениетінің бас қаласы» жылы болып белгіленуіне арналған гала-концерт өтеді

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 20 ақпан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Алдағы 24 ақпанында Астана қаласында 2012 жылдың - «Астана- Түркі мәдениетінің бас қаласы» жылы болып белгіленуіне арналған гала-концерт өтеді.

ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің өнер және би ұжымдары өнер көрсететін концерт Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтеді деп жоспарлануда.

2010 жылы Ыстамбұлда өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-ыншы саммитінде Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының аясында  «Түркі әлемінің мәдениет астанасы» жылын жариялау ұсынысы бірауыздан қабылданған болатын.

Осы шешімге сәйкес, 2012 жыл - «Астана- Түркі мәдениетінің бас қаласы» жылы болып танылды. Аталмыш жобаның ашылуына орай өткізілетін жиын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың төрағалығымен 2012 жылдың 24 ақпанында өтпек. Жиынға Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Эртуғрул Гүнай, Әзірбайжанның Мәдениет және туризм министрі Эбулфез Гараев, Қырғызстанның Мәдениет министрі Ибрахим Жүнүсов, Солтүстік Кипр Түркия Республикасы Туризм, қоршаған орта және мәдениет министрі Үнал Үстел, Ресей Федерациясы Алтай республикасының мәдениет министрі Владемир Кончев және РФ Башқұртыстанның премьер-министрінің орынбасары Салават Сагитов қатысады.

Бұл жылы  Астана қаласы Түркітілдес елдердің өнерпаздары, зиялылары және мәдени қайраткерлерінің  кездесу орталығына айналмақ.

 «Астана- Түркі мәдениетінің бас қаласы» жылына орай Қазақстан елордасында жыл бойы ТҮРКІСОЙ-дың XV Опера күндері, ТҮРКІСОЙ суретшілері мен фотосуретшілерінің XV дәстүрлі кездесуі, ТҮРКІСОЙ-ға мүше елдердің ЮНЕСКО-дағы ұлттық коммисияларының кеңесі, Түркі дүниесі әдебиетінің журналдарына арналған жиын, Ұлы дала Халықаралық музыка және дәстүрлі өнерпаздар фестивалі, ТҮРКІСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет күндері сынды шаралар өткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар