Елордада 20 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 20 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Сағат 9.30-да Министрлер үйінде ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне қарасты ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтеді.

Сағат 10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.

Сағат 10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді. Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру барысы туралы депутаттарға Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев баяндайды деп күтілуде.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Ұлттық архив базасында мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің Біліктілігін арттыру орталығының салтанатты ашылуы болады. Іс-шара ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, архив саласы қызметкерлерінің қатысуымен өтеді.


Соңғы жаңалықтар