Елордада 20-дан астам вирусолог коронавирус жұқтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 20-дан астам вирусолог коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зертхананың 20-дан астам қызметкері індет жұқтырды. Олар күні-түні тәулік бойы жұмыс істеді. Олар да адамдар, робот емес, үнемі вирус ошағында жүр», – деді Сәуле Қисықова.

Оның сөзіне қарағанда, бұрын қалада бір ғана зертхана болса, қазір күніне 5 мыңға дейін тест өткізетін 8 зертхана бар. 17 маусымдағы жағдай бойынша, шамамен 170 мың тест өткізілді. Қазір 40 мыңнан астам тест қолжетімді.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы ПТР-тестілері мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу, Сovid-19 жұқтырғандар үшін жаңа төсек орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, елордада бүгінге дейін коронавирус инфекциясы барлығы 2951 адамнан анықталды. Оның ішінде жазылғандар саны - 2055, қайтыс болды - 15 науқас.


Соңғы жаңалықтар