+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Астанада 18 жасқа толған 34 366 азамат алғаш рет дауыс береді

2019 жылғы 16 мамыр 10:54
Бөлісіңіз:
Астанада 18 жасқа толған 34 366 азамат алғаш рет дауыс береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 маусым күні өтетін президенттік сайлауда Нұр-Сұлтан қаласында 18 жасқа толған 34 366 азамат алғаш рет дауыс береді. Бұл туралы Оқушылар сарайында өткен семинар барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, сот, төтенше жағдай жөніндегі басқарма өкілдері қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов атап өткендей, сайлаушылардың тізімі нақтыланды. Әкімдік уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры тізіміндегі проблемалы сайлаушыларды іріктеу жұмысын жүргізген. Нәтижесінде, мекенжай бойынша елордада тіркеуден шығып кеткен 60 240 адам анықталып, тізімнен алынып тасталды. Жеке тұлғалар базасынан алынған проблемалы сайлаушылардың мәліметтері бірыңғай есептеу орталығы, денсаулық сақтау, білім беру, салық, сәулет, Азаматтарға арналған үкімет сияқты баламалы қалалық базалар арқылы тексерілген. Соның нәтижесінде сайлаушылар жөніндегі теріс мәліметтер 150-ден 43 мыңға дейін азайған.

Дауыс берушілердің тізімін нақтылаудағы тағы бір шара - жер үйлер мен пәтерлерді аралау. 15 сәуір - 6 мамыр аралығында аудан әкімдіктері барлығы 2 741 көпқабатты тұрғын үйді, 269 784 пәтерді, жеке сектордағы 32 872 үйді аралаған. Осы жұмыстың нәтижесінде 241 288 сайлаушы тізімге қайта қосылды. Сондай-ақ, бас қаладағы жоғары оқу орындарының 57 мың студенті сайлаушылар тізіміне қосылды.

Ерлан Қаналимовтың айтуынша, елордада биыл 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беретін 34 366 адам бар. «Ел жүрегі - Нұр-Сұлтан дауыс береді!» атты акцияның шеңберінде оларға арнайы логотипі бар жейде, қалпақ, саптыаяқ және өзге де сыйлықтар табысталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT