Елордада 170 мыңға жуық жолаушы қоғамдық көлік ақысын төлемей жүрген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік ақысын төлемеген 170 мыңға жуық жолаушы анықталып, айыппұл салынды. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС көліктік бақылау департаментінің менеджері Азат Төлеубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жыл басынан бері көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері қоғамдық көлік ақысын төлемеген 170 мыңға жуық жолаушыны анықтады. Оның ішінде 8 мың адамға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Жол ақысын төлемегені үшін 2 АЕК немесе 5834 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған», - деді Азат Төлеубаев.

Сондай-ақ, CTS өкілі автобус ақысын төлемеген 170 мыңға жуық жолаушының неліктен тек 8 мыңы ғана жауапқа тартылғанын айтты.

«Бұл жерде мәселе адамгершілікте. Кей жолаушылар төлемақы жасауды ұмытып кетеді, кейбірінің интернеті істемей қалады, тағы сол сияқты. Ондай жағдайда түсіністікпен қарап, ескерту жасай отырып, жолақыны төлеуін сұраймыз. Жалпы біздің міндет - қоғамдық көлік ақысын төлемеген жолаушыны анықтау ғана, одан әрі мәселемен тәртіп сақшылары айналысады», - дейді ол.

Оның айтуынша, автобус ақысын көбіне жастар жағы төлемей жатады.

Бұған дейін CTS басшысы елорданың қоғамдық көліктерінде Ashyq жүйесі енгізіле ме деген сауалға қатысты пікір білдірді.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік ақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілетіні хабарланды.

Одан бөлек, елордада қоғамдық көлік ақысын төлемей жүретін жолаушылардың үлесі туралы айтылды.


Соңғы жаңалықтар