+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Елордада 17 жастағы колледж студентін зорламақ болған күдікті ұсталды

2019 жылғы 5 қыркүйек 14:46
Бөлісіңіз:
Елордада 17 жастағы колледж студентін зорламақ болған күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада колледж студентін зорламақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда 9 жасар қызға азғындық әрекет жасаған күдікті ұсталды Қызылордада дәстүрлі ақындар мектебі ашылады Алматы облысында полицейлер студент қыздарды өзін қорғауға үйретті
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін Жедел басқару орталығына белгісіз ер адамның 17 жастағы колледж студентін зорламақ болғандығы туралы хабарлама түскен.
«Істің мән-жайын анықтау барысында зардап шегушінің шамамен сағат 09:45-де інісін алып кету үшін мектепке бара жатқаны анықталды. Жолда оған мас күйдегі белгісіз еркек жолыққан. Күдікті қыздың бетінен ұрып, тасалау жерге сүйрей бастаған. Қарсылық танытқан қыз көмекке адамдарды шақырған. Нәтижесінде қыз сытылып шыққан», - деп атап өтеді ведомстводан.
Аталған жайт жайында ақпарат түскен сәтте бірден оқиға орнына шолғыншы полиция жасағы жіберілген. Төңіректі шолып қарау барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен 42 жастағы елорда тұрғыны ізі суымай ұсталды. Оны зардап шегуші де танып отыр.
«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы 3 тармағы және 120 бабы 3-1 тармағы 1 тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды», - деді департаменттен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT