Елордада 17 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 ақпан күні елордада болатын маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Қазмедиа орталығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылы атқарылан іс-шаралар және 2020 жылы алға қойған міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.

11.00-де Еуроорталықтағы Еуразиялық интеграция институтында «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: сараптамалық тексеру» есебі таныстырылады.

12.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Ауған соғысының ардагері, батыр «Қара майор» Борис Төкенұлы Керімбаевты еске алуға арналған ректор жүлдесі үшін бокстан студенттер арасындағы III-Республикалық турнир ашылады.

17.00-де «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында, Қорқыт мемлекеттік академиялық филармониясының дәстүрлі музыка тобы 75 шығарманы үзіліссіз орындап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар