+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елордада 160 мың азамат тұмауға қарсы екпе алды

2021 жылғы 19 қазан 07:38
Бөлісіңіз:
Елордада 160 мың азамат тұмауға қарсы екпе алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда жыл сайынғы тұмауға қарсы вакцинация науқаны жергілікті тұрғындардың 100%-ын қамтыды. Осылайша 160 мың азамат тұмауға қарсы екпе алды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, елордада тұмау ауруына қарсы вакцинация 15 қыркүйектен басталып, бір айға созылған болатын.

«Тұмауға қарсы вакцинацияның арқасында бізде халықтың осал топтары арасында қалыптасқан иммунитет бар. Бұл санатқа балалар, жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері, сондай-ақ жабық үлгідегі мекемелер (балалар үйі, мектеп интернаттары, балалар/мүгедектер интернаттары), қарттар және мүгедектер үйлеріндегі адамдар жатады. Біз вакцинаның 160 мың дозасын азаматтарды вакцинациямен қамту үшін қолдандық», – дейді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының БМСК бөлімінің басшысы Айнұр Төлеуова.

Вакцинациялау айының қорытындысы бойынша 28 мыңнан астам бала, 6 мыңнан астам жүкті әйел, медицина қызметкерлерінің 100%-ы тұмауға қарсы екпе алды. Бұл санаттағы адамдар тегін егілді.

Маман сонымен қатар бұл жолы қала тұрғындары тұмауға қарсы вакцина алуда өте белсенді болғанын айтады. Бұл бөлімде ЖРВИ және тұмау сияқты маусымдық аурулар елдегі пандемия кезінде пайда болды және адамдар денсаулығына алаңдаушылық тудырды.

«Біздің міндетіміз – халықтың денсаулығын нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Тұмауға немесе КВИ-ға қарсы вакцинация болсын, біз үшін жұқпалы аурулармен ауыратындардың саны мүмкіндігінше аз болғаны маңызды. Өйткені, кез келген вакцинация асқынуларды, ауруханаға жатқызу санын азайту үшін қажет», – деп толықтырды А. Төлеуова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT